Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі

2016 жыл 11 наурыз Астана қаласында Халықаралық Ұлттық бизнес рейтинг одағының  ХХХ мерейлі марапаттау рәсімінде үздік
«Сала көшбасшысы» орденімен марапатталды
Директордың блогы

Тілді таңдау

Сұрақ-жауап
Қашықтан оқыту
Қабылдау комиссиясы

Әдістемелік кабинет

Әдістемелік кабинеттің құрылымы

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің әдістемелік кабинеті үйрету, оқытушылардың ақпараттық кеңісітігін кеңейту, колледж оқытушыларының жұмыс тәжірибесін қорытындылау, жүйелеу, оқытудың озат технологияларын енгізу орталығы болып табылады. Кабинеттің ақпараттық базасына кіретін бөлімдер: «Педагогикалық әрекеттің теориясы мен практикасы», «Оқытушыға көмек», «ПБ меңгерушісіне көмек», «Заманауи педагогикалық технологиялар», «Оқыту-тәрбиелеу үрдісінің диагностикасы», «Педагогикалық менеджмент», «Жұмыс тәжірибесін қорытындылау және тарату», «Жас оқытушының кәсіби шыңдалуы». Сонымен қатар кабинетте заманауи білім беру үрдісінің көкейтесті сұрақтарына арналған әдістемелік нұсқаулықтар, ережелер, естеліктер бар. Әдістемелік жұмыста басты назар колледж оқытушыларының мониторингіне аударылады. Білім берудің белсенді әдістерін пайдалану, сабақтар мен сабақтан тыс шаралардың стандарттан тыс формаларын өткізу біздің оқытушылардың мамандықтар бойынша кәсіби әрекетке қызығушылықтарын артады, білім беру үрдісіне ынта мен қызығушылықты қалыптастырады. Колледжде дәстүрлі түрде сайыс сабақтары, жарыстар, қоғамдық тексерістер, оқу пәндерінің бірігуі негізіндегі кешенді сабақтар, тренинг сабақтары, иновациялық сабақтары, оқу вернисаждары өткізіліп тұрады.

Соңғы жылдары оқытушылар ҚР Білім және ғылым Министрлігіне қарасты өтетін оқулықтар мен оқу құралдарының конкурстарына белсене қатысуда.

Үлкен кәсіптік, әрі педагогикалық тәжірибесі бар оқытушылар өздерінің басылымдарын республикалық және облыстық газеттерге шығарады, республика, облыс және аймақ көлемінде педагогикалық әрекеттің түрлі бағыттары бойынша жұмыс тәжірибелерін қорытындылайды. Көптеген жылдар бойы педагогикалық және кәсіби шеберлікті арттыру шараларын өткізу дәстүрге енді. Мысалы: «Озат тәжірибе мектебі», «Жас оқытушылар мектебі», педагогикалық конференциялар, семинарлар, кеңестер, «Өрлеу» курстары, басқа да колледждермен бірлескен іс-шаралар.

Ғаламтор сайтына шығу, электрондық пошта арқылы жұмыс жасау, оқытушыларға өз білімдерін кеңейтуді тек кәсіби әрекетте ғана емес, сонымен қатар педагогикалық шеберліктерін кеңінен шыңдауға көмектеседі.


Колледж оқытушылары  Қазақстан Республикасының Білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен  бірлескен қызмет жасайды. Көптеген оқытушылар қатары халықаралық ақпараттық орталық семинарларына қатысып,  үйренуде.  Колледждің  әдістемелік қызметі 25 жабдықталған оқу аудиториялары, бөлмелері мен кабинеттері бар,   колледждің  материалдық-техникалық базасын  үнемі нығайтып отыру жұмыстарына қатысады және пәндік,  оқу-зерттеушілік, шығармашылық үйірмелердің жұмысын қолдайды. 

Инновациялық сабақтар

26.01.2023ж күні Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінде  «Кәсіби бағдар беру жұмыстарын дамытудың инновациялық бағыттары» -тақырыбында облыстық деңгейде Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының жоспарына сәйкес әдістемелік десант болып өтті.Әдістемелік десанттың мақсаты: кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізудегі жаңа бағыттарды анықтау, кәсіби бағдар беру жұмысының деңгейі мен нәтижелілігін арттыру болды.Колледжде келген қонақтарға ашық есіктер жарияланып ,колледждің техникалық базасы көрсетілді.Барлық мамандықтар бойынша инновациялық сабақтармен шебер сыныптар,ашық сабақтар көрсетілді.Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы білім беруді дамыту орталығының меңгерушісі Жунусова Назым Досжановна бастаған облыс колледждерінен келген колледж әдіскерлері,директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлар,тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар,колледж оқытушылары іс шараға қатысып өздерінің ұсыныстарын ,жақсы пікірлерін айтып өтті.Мамандық бойынша көрсетілген ашық сабақтармен шебер сыныптар,көрмелерге  Сайрам ауданы мектептерінің педагогтарымен оқушыларыда қатысты.Іс-шара жоғары деңгейде өтілгендігін келген қонақтар айтып ризашылықтарын білдірді.
Әдістемелік кабинет.

«Кәсіби бағдар беру жұмыстарын дамытудың инновациялық бағыттары»