Тілді таңдау
1. А.Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің кітапханасын пайдаланудың үлгі ережесі «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларымен» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 бұйрығы), «Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларымен» (ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығы өзгерту енгізілген 10.12.2015 №384 ) сәйкес әзірленді және жинақталған.
2. Қағидалар оқу-тәрбие процесін және ғылыми зерттеулерді барынша толық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларының ақпараттық ресурстарды және кітапхана қорларын қалыптастыру саласындағы жұмысының мазмұнын белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1.1. Кітапхананы оқушылардың, оқытушылар мен қызметкерлердің пайдалануына қүқығы бар.
1.2. Кітапхана оқырмандарға уақытша пайдалануға кітаптар, кітапханада бар басқа да баспа шығармалары мен материалдар беруді үйымдастырады.
1.З. Кітапхана мүмкіндіктерін ескере отырып окушылар мен қызметкерлердің пайдалану қүқығы бар.
1.4. Кітапхананы пайдалану тегін.
1.5. Үйге әдебиет абонеменгге беріледі. Кітапхананың оку залында пайдалануға арналған өдебиет үйге берілмейді.
1.6. Шежірелер (энциклопедия), анықтамалықтар, ағымдағы мерзімді баспасөз басылымдары, дәстүрден тыс электрондық ақпарат таратушы күжаттар тек оку залында жүмыс істеу үшін беріледі.
1.7.Кітапхана қорында бар кітап, газет-журналдар, баска да баспа шығармалары және слайдтар, бейнежазбалар, магнитофондық жазбалар, СД, белгілі электрондық қорлардың оқырмандарға берілуі есебі үйымдастырылады.
1.8. Кітапханаға оқырмандар жазу тәртібі былайша жүргізіледі: оқушылар — оқу билет бойынша, қызметкерлер - телқұжат бойынша.
1.9. Кітапханаға жазыларда оқырмандар кітапхананы пайдалану қағидаларымен танысуы тиіс.
Әр оқырманға оқу бойы пайдалануға арналған оқырман формуляры толтырылады. Оқырман формуляры оқырманға баспа туындыларының берілгені мен оларды кітапхана қызметкерінің қабылдаған фактісі мен күнін растайтын құжаттар болып табылады.
1.10. Жыл сайын оқу жылының басында кітапхана өз оқырмандарының атына жазылған әдебиеттердің барлығын міндетті түрде көрсетіп, оларды қайта тіркейді.
1.11. Оқырмандар абонементте алған басылымдардың әрбір данасы үшін оқырмандар немесе кітап формулярына қол қояды.
1.12. Үйге берілген әдебиеттерді пайдалану мерзімі мен абонементтен берілген басылымдар саны шектеліп, сапалы түрде белгіленеді:
мүғалімдер үшін:
оқу әдебиеті — тиісті пәнді оқыту мерзіміне (оқу жылының басында міндетті түрде кайта тіркеле отырып) беріледі;
әдістеме әдебиеті - 1 ай мерзімге, даналар саны жеткілікті жағдайда тиісті пәнді оқыту мерзіміне (міндетті түрде қайта тіркеле отырып) беріледі;
оқушылар үшін:
бағдарламалық әдебиет - окушыларды оқытудың барлық кезеқіне беріледі;
бағдарлама бойынша сабақтарда оқылатын шығармалар оқыту бағдарламасына сәйкес мерзімге беріледі;
мерзімді басылымдар –оқу залында беріледі.
1.13. Пайдалану мерзімі материалға басқа оқырмандар тарапынан сұраныс жоқ болса ұзартылуы немесе материал бір данада немесе кеп сұралатын болса қысқартылуы мүмкін.
1.14. Кітаптарды қайтарған кезде кітап формулярындағы окырмандар қолы кітапханашының қолымен өшіріледі.
1.15. Басылымдарды жоғалтқаны немесе байқаусызда бүлдіргені үшін жауапты оқырмандар оларды сондай немесе кітапхана күны мен мазмұны бірдей деп таныған басылымдармен алмастыруға, ал алмастыру мүмкін болмаған жағдайда - олардың шынайы нарықтың қүнын өтеуге міндетті. Көмелетке толмаған оқырмандардың қордан баспа туындыларын жоғалтқаны немесе оған орны толмас зиян келтіргені үшін олардың ата-аналары, олардын орнындағы адамдар жауап береді
1.16. Кететін оқушыларға жеке іс қағаздары кітапхана абонементінен алған әдебиетін кайтарғаннан кейін ғана беріледі. Кететін қызметкері кітапханада өзінің кету парағына белгі қойдырады.
2. Оқырмандардыц қүқықтары мен міндеттері
2.1. Кітапханасының оқырмандары (оқушылар, педагогтер, қызметкерлер) мынаған қүқылы:
• кітапхана керсететін кітапхана-ақпарат қызметін тегін пайдалануға;
• абонементтен кітаптар мен басқа да ақпарат көздерін уақытша пайдалануға алуға;
• кітапхана қорының қүрамы туралы толық ақпарат алуға;
• кітаптар мен басқа да ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда кеңесшілік қызмет алуға;
• кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық білім алуға, ақпараттық дәстүрді жөне электронды таратқыштарды игеру және пайдалана білуге;
• кітапхана еткізетін шараларға қатысуға;
• кітапхана кеңесіне сайлауға және сайлануға, кітапханаға нақты көмек көрсетуге;
2.2. 0қырмандар мынаған міндетті:
• әр оқу жылының басында оқырмандар қайта тіркелуге;
• кітапханадан алған басылымдарын белгіленген мерзімде қайтаруға; кітапхана қорынан алынған баспа шығармаларына, ақпарат тарату қүралдарына, техникалық қүрал-жабдыктарға үқыптылықпен қарауға;
• кітапханада тыныштық пен тәртіп сақтауға, бөлмеге үлкен портфелдер мен сомкелермен кірмеуге;
2.3 . Оқырмандарға:
• кітапханадан өздері қол қоймаған кітаптарда алып шығуға;
• кітапхана басылымдарын бүлдіруге (оларға белгілер салу, сызу, парақтарын жырту, мүқабасын бүгу т.т.);
• каталогтер мен картотекалардан кәртішкелерді шығарып алуға;
• ашык кітап қорындағы әдебиеттердің орналасу тәртібін бүзуға;
• қызмет бөлмелері мен кітап қоймасына рүқсатсыз кіруге болмайды.
3. Кітапхананыц қүқықтары мен міндеттері
3.1. Кітапхана:
• берілген кітаптардың, баспа туындылары мен басқа да материалдардың кітапханаға кайтарылуы үшін тұрақты бақылау жүргізуге;
• оқырманнан бүрын берілген, пайдалану мерзімі өткен баспа туындыларын алғаннан кейін ғана кезекті беруді жүргізуге;
3.2. Кітапхана мынаған міндетті:
• оқырмандардың кітапхана қорларын тегін және ашық пайдалануы мен баспа өнімдерін уақытша пайдалануға тегін беруге;
• окырмандарға қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етуге;
• білім беру ақпаратында оқырман талабын басшылыққа алуға;
• ұсынба әңгімелер мен оқырмандардын пайдалануына каталогтер мен картотекаларды, үсынба тізімдер мен басқа да анықтама-библиографиялық және аппарат материалдарын беру жолымен оларға кажетті баспа туындысын таңдауға, сондай-ақ тақырыптық кітап көрмелерін, жаңа әдебиеттер көрме-шолуын, Акпарат күндерін, эдеби кештер, мерекелер мен баска да шараларды үйымдастыруда көмек көрсетуге;
• өз қорларын насихаттауға, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын дамытуға және ынталандыруға;
• компьютерлендіру мен озық технологияларды енгізе отырып, оқырмандарға кітапхана және ақпарат қызметін керсетуді жетілдіруге;
• корда бар кітаптарды, баспа туындылары мен басқа да материалдарды белгіленген төртіпке сәйкес есепке алуды, сақтау мен пайдалануды жүзеге асыруға;
• үлттық мәдени мүраның бір бөлігі болып табылатын өз қорының сақталуы үшін жауап беруге;
• кітапханада окырмандардың жүмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасау мен үстауға;
• оқырмандарды демалыс уақытына қажетті әдебиетпен қамтамасыз етуге;
• жүмыска оқырмандарды қатыстыра отырып, баспа туындыларын шағын жендеуді (жыртылған және түсіп калған беттерді, түптемелерді, мүқабаларды желімдеу және т.т.) түрақты үйымдастыруға;
• оқу жылының басында оқырмандарды жыл сайынғы қайта тіркеуді жүргізуге;
• кітапханасы туралы Ережеге сәйкес өз қызметі туралы есеп беруге.
4. Оқу залын пайдалану қағидалары
4.1 Оқу залында пайдалануға арналған әдебиет үйге берілмейді.
4.2. Оқу залында берілетін кітаптар оқырмандарға былайша жүргізіледі: оқушылар — оқу билет бойынша, қызметкерлер - телқүжат бойынша.
4.3.Шежірелер (энциклопедия), анықтамалықтар, ағымдағы мерзімді баспасөз басылымдары, дәстүрден тыс электрондық ақпарат таратушы күжаттар тек оку залында жүмыс істеу үшін беріледі.
4.4. Кітапхананың оку залында пайдалануға арналған өдебиет үйге берілмейді.