Выбор языка
Сұрақ: Құрметті Гулчехра Камалқызы! Сіздерде 2017 оқу жылына медецина мамандықтары бойынша лицензия алдыңыздарма және қандай мамандықтар бойынша лицензия алдыңыздар?
Жауап: 2016жылы Желтоқсан айында 0301000-Емдеу ісі; 030101 3-Фельдшер; 030102 3-Акушер; 0302000-Медбикелік іс; 030204 3-Жалпы практикадағы медбике; 2017 жылы 24 шілдеде 0304000-Стомотология; 030402 3-Дантист мамандықтары бойынша лицензия алынды. Осы мамандықтар бойынша қазіргі таңда студенттер білім алуда.
Сұрақ: 2017-2018оқу жылына Қазақстан Республикасы техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыстарға сәйкес қандай мамандықтарға грант қарастырылған?
Жауап: 2017жылы тамыз айында 1100000 Көлік (салалары бойынша) ; 1114000-Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша); 111401 2- Дәнекерлеуші (барлық атаулармен);1401000-Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану; 140121 2-Кең бейінді құрылыс шебері техникалық мамандықтарға грант алынды.
Сұрақ: Менің қызым сіздердің колледжіңізде оқиды.Ал егер балам мен қызым осы колледжге оқуға түсіретін болсам құрылтайшылар тарапынан қандай жеңілдіктер қарастырылған?
Жауап: Жылдық оқу төлем ақысынан 10-30 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылған.
Сұрақ: Менің балам Қарабұлақтан қатынайды, осыған байланысты сіздер тарапынан сайрам ауданының автопаркіне сұраныс хаттар жібере аласыздар ма, студенттер азанғы уақытта сабаққа кешігіп келмеу үшін.
Жауап: Колледж тарапынан жасалған жеңілдік алыстан қатынап оқитын студенттерге қазіргі таңда автобустар азанғы уақытта колледждге дейін алып келеді.
Сұрақ: Менің қызым ШТ мамандығында оқиды, осыған орай ШТ мамандығы бойынша қосымша сабақтар қойып бере аласыздар ма?
Жауап: Әрине мамандықтар бойынша оқытушылардың жүктемелеріне қосымша сабақ кестелеріне қойылып отырады.Студенттердің өз қалаулары бойынша.
Сұрақ: Кәсіптік практикаға жіберген кезде сіздер тарапынан қандай әдістемлік көмек береді?
Жауап: Кәсіптік практикаға жіберген кезде студенттерге арнайы әдіскерлер тағайындалып, олардың практикада жасайтын барлық жұмыстарын практикалық жұмыс оқу бағдарламаларында көрсетіп береді.Сонымен қатар әрбір бекітілген әдіскер аптасына бір рет қадағалап тұрады.
Сұрақ: Көп балалы отбасынан шыққан студенттерге құрылтайшылар тарапынан қандай әлеуметтік жәрдемдер қарастырылған?
Жауап: Құрылтайшылар тарапынан жылдық төлем ақысынан 10-30 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылған.
Сұрақ: Алыстан қатынайтын студенттерге әкімшілік тарапынан пәтерге орналастыру немесе жатахқанаға орналастыру мәселесі қарастырылған ба?
Жауап: 2018 оқу жылы жатахқана ашылды және қазіргі таңда 7 студент жатахқанада тұрады.
Сұрақ: Колледжді бітіргеннен кейін студенттерді колледжде немесе басқа жұмыс орындарына орналастыру сіздер тарапынан қарастырылған ба?
Жауап: Колледжді бітірген студенттерге ең алдымен жұмыспен қамту орталығының мамандарын шақырып және жұмыс беруші өкілдермен кездесіп бос орындар жәрмеңкесіне қатыстырамыз. Сонымен қатар колледжді жақсы бітірген студенттерді жұмысқа алып қалуға тырысамыз.
Сұрақ: Менің шәкіртім бокстан Қазақстан Республикасы чемпионатына қатысатын еді, соған байланысты сабақтан босатуға сұраныс хат негізінде шәкіртімді сабақтан босата аласыздарма және қалған сабақтарын тапсыру кезінде колледж әкімшілігі тарапынан көмектер боладыма?
Жауап:Колледжде оқып жүріп спортпен айналысатын студенттерге әрдайым колледж тарапынан марапаттаулар жасалады және спорт үйірмелерінің жетекшілері тарапынан сабақтан босатуға сұраныс хаттар келген кезден бастап ол студентті толық сабақтан босатамыз және сабақтан қалған күндерін келген кезде оқытушылар тарапынан көп көмектер беріліп отырады.
Сұрақ: 2018-2019 оқу жылына әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан шыққан студенттерге мемлекеттік гранттар қаншалықты бөлінген және қандай құжаттар жинау қажет?
Жауап: Өз мамандығы бойынша бөлінген грантта орын жоқ болса басқа мамандықтарда бос орындарға орналастыруға жағдай жасалған.Сонымен қатар комерциялық топта оқитын студенттерге оқу төлем ақысынан 10-30пайыз жеңілдіктер қарастырылған.
Сұрақ: Менің балам Түлкібас ауданынан қатынап оқиды, осыған орай сіздерде жатахқана мәселесі қаралған ба және қандай құжаттар жинау қажет?
Жауап: 2018 оқу жылынан бастап алыстан қатынап оқитын студенттерді жатахақанаға орналыстырылған.
Сұрақ: Биылғы оқу жылына қандау мамандықтар бойынша гранттар бөлінген?
Жауап: 2018-2019 оқу жылына төмендегідей мамандықтарға гранттар алдық:0402000-Дизайн (салалар бойынша); 040201 3-Дизайнер; 040201 3-Киім дизайны; 040202 2-Көркемдік –әсемдеу жұмыстарын орындаушы; 0413000-Сәндік қолданбалы өнер және халықтық кәсіпшілігі (бейіні бойынша); 041301 2-Ағаштан көркем заттар дайындаушы; 041316 3-Суретші; 0508000-Тамақтандыруды ұйымдастыру; 050801 2-Аспаз; 0508000-Тамақтандыруды ұйымдастыру; 050802 2-Кондитер; 1114000-Дәнекерлеу ісі; 111401 2-Дәнекерлеуші; 1401000-Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану; 140124 2-Кең бейінді құрылыс шебері мамандықтары бойынша гран бөлінді.
Сұрақ: Мен Жетісайда тұрамын. Өндірістік диплом алды практикаға осы жақтан сұраныс хат арқылы жолдама алуға болады ма?
Жауап: Әрине диплом алды практикаға тұрғылықты жерден мамандығына сай өндіріс орындары бар болатын болса колледж әдіскерімен ақылдасып алуға болады.
Сұрақ: Менің ұлым колледждегі «Самғанұр» би тобында биге қатысады, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқаны үшін колледж әкімшілігі тарапынан қандай қолдаулар бар?
Жауап: Колледждегі барлық қоғамдық жұмыстарға белсенді қатынасқан студенттерге әрдайым колледж әкімшілігі тарапынан қолдау көрсетіліп тұрады.
Сұрақ: Менің ұлым және қызым сіздің колледжіңізде білім алуда, оларға төлем ақы жағынан қандай жеңілдіктер бар?
Жауап: Оқу төлем ақысы бойынша 10-30 пайыз жеңілдіктер қарастырылған.
Сұрақ: Менің ұлым медецина мамандығында оқиды, іс-тәжіриебесін жергілікті аймақтағы медициналық орталыққа жолдама алуға болады ма?
Жауап: Әрине колледж әдіскерімен ақылдаса отырып мамандық бойынша практикаға баратын жер болатын болса болады.
Сұрақ: Сіздердің колледждеріңіздегі спортпен айналысатын жүлделі орын алып жүргендерге студенттерге колледж тарапынан қандай қолдаулар жасалады?
Жауап: Спортпен айналысып жүлделі орын алған барлық студенттерге құрылтайшылар тарапынан оқу төлем ақыларына жеңілдіктер жасалған және сабаұтарына барлық пән оқытушылары жәрдем беріп отырады.
Вы можете задать нам любой интересующий Вас вопрос, заполнив форму.
Мы обязательно рассмотрим и ответим Вам.
Студенттер және ата-аналар тарапынан пікірлер.
Айзат Болатбековна: Құрметті Исмаилова Гулчехра Камалқызы. Менің қызым Айзат Болатбековна 2018 оқу жылы сіз басқарып отырған колледжде Дене тәрбиесі және спорт мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты. Сол жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекттік Университетіне грантқа түсті. Осыған байланысты сіз басқарып отырған колледж ұжымына және ерекше өзіңізге алығысымды білдіремін. Болашақ мамандар даярлауда жасап жатқан іс-әрекеттеріңізді біздер ата-аналар тарапынан әрдайым қолдап отырамыз.Колледжде оқып, спортпен айналысатын студенттерге колледж тарапынан қолдау көрсетіп отырасыздар.Олардың ары қарай жоғарғы оқу орынына түсуіне қолдау көрсетіп отырасыздар. Сіздің ұжымыңызға алғысым өте шексіз.
Умирбеков Фердаус: Құрметті Исмаилова Гулчехра Камиловна мен Умирбеков Фердаус -2017жылы Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжді Дене тәрбиесі мамандығы бойынша бітірдім.Қазіргі таңда Максим Горький атындағы орта мектепте Дене тәрбиесі пәнінен сабақ беремін және қосымша хореогроф мамандығын атқарамын. Осының барлығы осы колледжде құрылған «Самғанұр» би тобында белсенділік танытып қатысуымның арқасында деп ойлаймын. Осындай жетістіктерге жетуім осы колледжде оқытушылар жақсы тәрбие және білім беруінің арқасында деп ойлаймын. Осы колледжге үлкен алғыс айтамын.
Бейназаров Бейбіт: Құрметті Гулчехра Камалқызы мен Бейназаров Бейбіт сіз басқарып отырған колледжді бітірдім. Қазіргі таңда сайрам аудандық Нұр Отан партиясында жетекші маман болып жұмыс жасаймын. Колледжде әрдайым қоғамдық іс-шараларға белсенді араласып, өзімнің шығармашылық шеберлігімді шыңдай түстім.Әрдайым болашақ бітіруші мамандарды жұмысқа орналасуға қолдау көрсетіп отырасыз. Сол үшін осы колледжге алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілеймін.Бітіруші түлектер Қазақстанның болашақ гүлденуіне өз үлестерін қосуға тілектеспін.