Language
Ұжымның әдістемелік қызметінің басты құрылымының бөлімдері 5 циклдік комиссия болып табылады. Колледждің оқу-әдістемелік кеңесі циклдік әдістемелік комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады және жүйелі түрде ретке келтіреді.
Циклдік әдістемелік комиссия жұмысының негізгі бағыттары:
1.Оқу пәндері бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу; оқу пәндерінің жеке тақырыптары мен бөлімдерін зерделеу, тәжірибелік жұмыстар орындау, студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру үшін әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар әзірлеу.
2.Оқыту технологиясын қамтамасыз ету, оқыту құралдары мен әдістерін таңдау, жаңашыл педагогикалық технологияларды енгізу.
3. Оқытушылардың әдістемелік және кәсіптік шеберліктерін жетілдіру, олардың кәсіптік білімін толықтыру, жас оқытушыларға көмек көрсету, ЦӘК құрамына кіретін оқытушыларға аттестаттау барысында ұсыныстар енгізу.
4.Оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар мен білім беру және тәрбиелеу құралдары мен әдістерін енгізу, ашық сабақтар өткізу.
5. Студенттердің ғылыми, шығармашылық жұмыстарына басшылық жасау.
6. Пән кабинеттерінің жұмыс мазмұнына бірыңғай талап жасау, оқытушылардың жұмыс жоспарларын, ашық сабақтардың жоспарларын, циклдік әдістемелік комиссияның құзыретіне жататын басқа да материалдарды қарастыру және талдау.
Әр циклдік әдістемелік комиссияның колледждің негізгі әдістемелік проблемаларының тақырыптарына, мақсаттарына және міндеттеріне сәйкес жасалған өз жұмыс жоспары бар. Оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын пайдалан отыра, оқытушылар басты назарды жас маманның тұлғалық – кәсіптік қалыптасуына аударады, өзін-өзі таныту және шығармашылық жағдайын құрады, қарым-қатынас мәдениетіне, әлеуметтік-кәсіби жауапкершілікке тәрбиелейді.