Professional college named after Anvar Ismailov

 

On March 11, 2016, received the "Industry Leader" Award at the XXX Anniversary ceremony of awarding the leaders of the economy of the member countries of the Union of National Business Ratings in Astana

Language

News

«Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық»«Ананың ізгі тәрбиесі- әженің баға жетпес өсиеті»

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінде 1-қыркүйек Білім күніне орай «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға колледж студенттері мен ата-аналары және колледж ұжымы қатысты.

«ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ» «WORLD CLEANUP DAY 2022»

«ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ» «WORLD CLEANUP DAY 2022» күніне орай, тазалықты жанына серік еткен Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің студенттері жалпы аудандық сенбілікке шығып, өз үлестерін қосты. Аталған сенбіліктің мақсаты - аудан аумағын қоқыстан тазартып, абаттандыру. Тазалық іс-шарасына қатысушы жастар қажетті құрал-жабдықтар, қолғаптар, қоқыс салатын қаптармен толықтай қамтамасыз етілді.

“10 қыркүйек Дүниежүзілік суицидтың алдын алу күні”

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінде “10 қыркүйек Дүниежүзілік суицидтың алдын алу күні” және “Отбасы күніне” арналған дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел барысында сөз кезегін алған әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының меңгерушісі - заңгері Г. Медеуов, Сайрам ауданында қазіргі кезде өзекті мәселелер...

«Парасат» және «Үміт»

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің «Парасат» және «Үміт» дебат клубының жетекшілері Худайберген С, Ахназарова Н.А ұйымдастыруымен дебат отырысы болды. Дебат отырысы барысында клуб мүшелері мен жаңадан дебат клубына мүше болып кірген....

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауының негізінде дебат отырысы

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің «Үміт» және «Парасат» дебат клубының жетекшілері Худайберген С, Ахназарова Н.А және мүшелері арасында 1-қыркүйек күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауының негізінде дебат отырысы өткізілді.

«Ұлт ұстазының жолымен»

Биыл – Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі, әдебиеттанушы ғалым, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы. Саналы ғұмырын ағарту саласына сарп еткен ұлы тұлғаның қазіргі білім беру жүйесінің қалыптасып дамуына қосқан үлесі өлшеусіз. Ұлт ұстазының есімін ұлықтау – қашанда ізгілікті іс екені сөзсіз.

«Тазалық – табалдырықтан басталады»

«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Колледжіміздің «Қамқорлық» еріктілер мүшелерінің ұйымдастыруымен сенбілік болып өтті.

«Өзбек этносының тілі, мәдениеті мен дәстүрі»

Шымкент қаласында «Өзбек этносының тілі, мәдениеті мен дәстүрі» күні тойланды. Қоғамдық келісім мен елдің бірлігі - мемлекетіміздің басты байлығы. Этномәдени бірлестік «Достық» қауымдастығы ұйытқы болған мерекелік шараға ТМД елдерінен арнайы қонақтар келіп қатысты.

«Құқық бұзушылықтың алдын – алу жұмыстары»

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінде «Құқық бұзушылықтың алдын – алу жұмыстары» тақырыбында 1-2-курс білім алушыларына «Сайрам ауданының полиция басқармасының» қызметкері К.Сулейменованың қатысуымен жиын болып өтті. Колледж инспекторы, педагог-ұйымдастырушы, педагог-психолог қатысты.

"Оқуға құштар колледж"

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінде "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасын іске асыру аясында колледж кітапханасында "Ұстазым менің мәңгілік, жадымда тұрар жаңғырып " атты қонақжай , мерекеге арналған әдеби сағаты өтті. Ұстаз -ұлағатты есім.

«Жаңа технологиялар мен жаңа медианың үздіксіз енгізілуі білім сапасына айтарлықтай әсер етпейді.»

«Парасат» дебат клубының жетекшілері Худайберген С, Ахназарова Н.Р және мүшелері арасында «Жаңа технологиялар мен жаңа медианың үздіксіз енгізілуі білім сапасына айтарлықтай әсер етпейді.» атты тақырыбында дебат отырысы өткізілді. Дебат клубының отырысына «Парасат» дебат клубының мүшелері және ұстаздары қатысты.

«Ұстаз болу-жүректің батырлығы»

Ұстаздар мерекесіне орай «Медицина» бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұстаз болу-жүректің батырлығы» тақырыбындағы іс-шара болып өтті. Колледж білім алушылары таңертеңнен әрбір ұстазды ерекше көңіл—күймен, гүл шоқтарымен қарсы алды. Білім нәрімен сусындатып, өзінің бар білгенін шәкірттеріне арнайтын ұстаздардың қоғамда орны ерекше. Ұстаз – өзгелерге үйретуден шаршамайтын, өзі де үйренуден, ізденуден тынбайтын мәртебелі тұлға.

«Қамқорлық»

Колледждің ерікті жастарынан құрылған «Қамқорлық» еріктілер клубының мүшелері, жетекшісі Ибрагимжанова Дильнаваз Тахиржановна бастаған жастар, Төлеби ауданында орналасқан «Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ барып, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

«Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік»

Ұстаздар күніне арнап медицина бөлімінің оқытушысы Мырзабаева Дана Ержанқызы 3-курс МБ-212\3 оқу тобымен «Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік» атты тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

«Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына»

Отбасы күніне арнап топ тәлімгерлері Бекенова Х , Худайберген С 2-курс ШТ 211 және 2-курс МБ 211/2 оқу топтарымен «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: білім алушыларға отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. 

«ОЗАТ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ.»

Бүгін колледжіміздің қазақ тілі және әдебиет пән оқытушысы және тәжірибелі маман Әбдіғаппарова Гаухар Әбдікерімқызының қазақ әдебиеті пәнінен "Жүсіпбек Аймауытов Ақбілек романы" тақырыбында ашық сабағы өтті.Сабақта студенттерге түрлі әдіс-тәсілдерді көрсетіп жас мамандарға үлгі болатындай өте қызықты мақсатына сай сабақ болды.

«Діни экстремизм және терроризм алдын алу»

12.10.2022ж күні «Діни экстремизм және терроризм алдын алу» мақсатында теолог мамандармен кездесу ұйымдастырылды. Бүгінгі қоғамда дәстүрлі және діни жат ағымдардың ара-жігін ажырата білудің маңызы аса жоғары. Діни сауаты болмаған адам адасуы әбден мүмкін. Сондықтан теологтар дәстүрлі дін мен жат ағымдардың ара жігін ажырата білудің қажетттілігі жайында студенттер арасында танымдық дәрістер мен кездесулерді үнемі өткізеді.

«Адам ағзасына кері әсері бар зиянды әдеттер»

14.10.2022 ж «Медицина» бөлімінің дәрігері Абдугаппарова Динараның ұйымдастыруымен «Адам ағзасына кері әсері бар зиянды әдеттер» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: білім алушыларға зиянды әдеттерден сақтану жолдарын, оның денсаулыққа зияндылығын, салауатты өмір салтын сақтауға, зиянды заттардан аулақ болуға, адамгершілікке, тазалыққа тәрбиелеу болып табылады.

«Б.П. өзін-өзі оқытудың Қазақстанда даму механизмін ұсынады»

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің «Үміт» және «Парасат» дебат клубының жетекшілері Худайберген С, Ахназарова Н және мүшелері арасында «Б.П. өзін-өзі оқытудың Қазақстанда даму механизмін ұсынады» атты тақырыбында дебат отырысы өткізілді.

Іс – шараға колледжіміздің «Үміт» және «Парасат» дебат клубының мүшелері және ұстаздары қатысты.

«РОБОТОТЕХНИКА -ЗАМАН ТАЛАБЫ.»

17.10.2022ж күні колледжде арнайы пән оқытушысы Ибрагимов Д.Р жетекшілігімен және кәсіптік білім беру мамандығының 4 курс студенті Голоскова Л.В ның "Роботтар әлемі" тақырыбында ,Мобильді робототехника құзіреттілігі бойынша онлайн түрде,зум платформасы арқылы облыстық деңдейде шебер сынып болып өтті.

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР АЙНАСЫ»

19.10.2022ж күні Анвар Исмаиловатындағы кәсіптік колледжінде әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруыменен "Оқушының әрекетін белсендіру және интенсивтендіру технологиясы"-тақырыбында инновациялық сабақ болып өтті.

«АТАМЕКЕН»

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Республика күніне орай «Атамекен» тақырыбында патриоттық диктант байқауын жариялады. Анвар Имаилов атындағы кәсіптік колледжінде аталған тақырыпта білім алушылар арасында қазақ, орыс, ағылшын тілі мамандарының ұйымдастыруымен үш тілді қамтыған диктант байқауы өткізілді. Байқауға 1-2 курс білім алушылары қатысты.

«МЕНІҢ АРМАНЫМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН»

Байқау жастардың азаматтық сана-сезімін дамытуға, ел тағдырына деген адалдық пен оның болашағына жауапкершілік сезімін оятуға бағытталған.

Эссе байқауына 1,2 курс білім алушылары қатысты. 

«Жастар темекіге қарсы»

Анвар Имаилов атындағы кәсіптік колледжінде «Медицина» бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастар темекіге қарсы» атты акциясы болып өтті.

Акцияның басты мақсаты – студенттерді темекі тартпай, спортпен шұғылдануға баулу. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд адам темекі шегетін көрінеді.

"Кітапқа құштар колледж "

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінде "Кітапқа құштар колледж " бағдарламасын жүзеге асыру жақсы қарқын алуда.

Басты рухани байлық-кітапта, кітап сонымен бірге ақпарат пен техника дәуірі, жаңа технологиялардың заманында да бірден бір білім беруші құрал ретінде қала береді.

"Жасай бер -жайна Қазақстан"

20.10.22 ж күні «Медицина» бөлімінің оқытушысы Илесбек Алтынай Нұрғалиқызы, 2-курс ФЛ,А-222 оқу тобымен 25-қазан "Республика" күніне орай "Жасай бер -жайна Қазақстан" атты тәрбие сағаттын өткізді.

«Жаңа Қазақстан. Таза табиғат»

25 қазан - Республика күніне орай «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық акция аясында колледжіміздің «Қамқорлық» еріктілер мен жетекшісі Ибрагимжанова Дильнаваз бастаған жастар сенбілікке шықты. Акцияның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны ластамауға, тазалықты сақтауға шақыру. Тазалықтан тән де, жан да тазарады.

«СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ»

19-қазан күні Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы және «Дизайн» пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «ҚР мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы», 25-қазан «Республика» күніне арналған жастар арасында сурет байқауы өткізілді.

«Рухани жаңғыру»

Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» жобасы аясында Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің ұжымы «JAKA TAU» туристік орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласына саяхат жасады.

Ұжым ең алдымен ҚР бірінші Президенті атындағы саябаққа экскурсия жасады. Ары қарай, Алматының оңтүстік-батысында орналасқан тау шатқалы Алмарасанға барып керемет табиғатымен танысып қайтты.

«КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІ ШЫҢДАУ.»

31.10.22ж күні Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі "Плита жапсыру құзіреттілігі "бойынша облыстық деңгейде "Тулбоксты, станокты таныстыру. Кафель жабыстыру" онлайн шебер сабағы болып өтті.Құзіреттілікке сарапшы және өндірістік шебері жауапты маман Аширбаев Бахтияр Турганович,чемпионатқа қатысушы Розакулов Бегзат.

«Ата-аналар мектебінің»

«Ата-аналар мектебінің» жетекшілері Умарова С.А, Тогусова А, жастар ісі жөніндегі төрайымы Уразматова А.С, педагог- ұйымдастырушы Қалдыбай А.С. ұйымдастыруымен 1 Қазан – Қарттар күніне арналған «Қариясы бар ел – қазыналы ел» тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті. 

«Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!»

25 қазан «Республика» күніне орай «Жалпы білім беретін пәндер» пән бірлестігінің оқытушысы Нурметова Дилбар Авазхановна 2 курс БСО-211 оқу тобы студенттерімен «Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!» атты тәрбие сағатын өткізді. 

«Тілдерді оқыту және дамыту орталығы»

Сайрам аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ- нің ұйымдастыруымен 28 қазан күні Республика күніне орай «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ» тақырыбында аудандық байқау өтті.